Мектеп педагог-психологтарының мектеп оқушыларына «Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру» » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп педагог-психологтарының мектеп оқушыларына «Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру»
22
октябрь
2021

Мектеп педагог-психологтарының мектеп оқушыларына «Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру»


Хаттама №1



Күні: 22.10.2021 жыл

Тақырыбы: «Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру»

Мақсаты: «Интернет желісіндегі шабуыл және одан қорғану. Сонымен қатар мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік және бопсалаудың алдын – алу» бойынша түсінік беру

Қатысқандар: Мектеп директоры, мектеп психологтары, сынып жетекшісі, мектеп оқушылары.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, сауалнама.

Нәтижесі: Мектеп директоры Айсара Кабдулдаевна cөз алып: мектеп оқушыларына «Буллинг және Кибербуллинг» туралы айтты. Буллинг дегеніміз – әлеуметтік желі арқылы танысу арқылы қорқыту, зорлық көрсету, психологиялық шабуыл жасау, түрлі суреттер сұрау арқылы ақша талап ету, әсіресе кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларға қауіпті екендігін түсіндіріп айтты. 

 

Мектеп психологы Гульзат Турсынбаевна буллингтің бірнеше түрлері бар екендігін айтты. 

Мәселен: Қарым – қатынаста, физикалық, жыныстық қатынас, эконмикалық – материалдық буллинг пен вербальді сияқты түрлерін атап өтті. Буллингке ұшыраған адамды – АНТИБУЛЛИНГ деп атайтынын да ескертті. 



Мектеп психологы Мөлдір Досанқызы кибербуллингтің құрбандары: ұялшақ, сезімтал, тұйық, ашуланшақ, мазасыз, өзіне сенімді емес, бақытсыз, депрессияға бейім тұратын адамдар ұшырайтығын  ескертті.



Кибербуллинг – дегеніміз адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау екендігі де ескерілді. Буллерлер қудалау, қорқыту үшін қолданатын әртүрлі сылтаулары, буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай екендігі туралы, неліктен адамдар бұлай істейтіндігі туралы, егер оқушылар арасында кибербуллингке тап болса, не істеу керек екендігі туралы немесе басқа танысы кибербуллингке ұшыраса, не істеу керек екендігі туралы, оқушылар арасында басқа біреуді онлайн қорласа не болатындығы және кибербуллингтің алдын – алу бойынша кеңес берілді.  

Кері байланыс: Ата-аналар тарапынан сонда біз балаларымызды барлық заттан шектетуіміз керек пе? Ол әлі бала ғой, қателіктер болады ғой, соған ұрса берсек ол жалығып кетпейді ме?  міндетті түрде сурет салу керек пе? – деген сұрақтар қойылды.



Педагог-психологтар:Набиева Г.Т.

Талғат М.Д.