Ыстық тамақ бойынша іс-шара » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақ бойынша іс-шара
08
ноябрь
2023

Ыстық тамақ бойынша іс-шара

"ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ" СЫНЫП САҒАТЫ


 Сынып: 1 «Е» сыныбы


Сынып сағатының мақсаты:
 Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;


 Міндеттері
 Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; 
 - Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 
 - Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 
 - «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю. 


 Қолданылатын көрнекіліктер:
 - Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы сурет және бейнеролик; 
 - Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы; 
 - Зиянды тағамдар жайлы суреттер; 
      

Дұрыс тамақтану

Балалар, біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

         Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.


Дұрыс тамақтану ережелері:


·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:


1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.



Бекіту
 • Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
 • Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
 • Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
 • Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
 • Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
 • Тамақты қалай жеу керек?