Мектептегі тамақтандыру мақсаты мен міндеттері » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі тамақтандыру мақсаты мен міндеттері
11
ноябрь
2020

Мектептегі тамақтандыру мақсаты мен міндеттері

Мектептегі тамақтандыру мақсаты мен міндеттері

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.
Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен, Жалпы білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар әлеуметтік санаты бар отбасылардың балалары тамақтандырылады. Бір реттік ыстық тамақ құны 286 теңгені құрайды. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістер ұйымдастырылады.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
 оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
 тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанымдарын үйрету;
жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
Әлеуметтік санаты бар ,жетім,ата-ана қамқорлығынсыз қалған,көп балалы,әлеуметтік жағдайы төмен,атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген оқушылар.Осы оқушылардың әлеуметтік санатын растайтын құжаттары міндетті түрде болуы шарт..
Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады.
Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік санаты бар отбасылардың балалары алады:
- көп балалы отбасынан шыққан балалар;
- аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;
- жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің);
- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар;
- асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алатын балалар.
-атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар;

Мектептің тамақтандару жұмысының негізгі жоспары ретінде мақсат және міндетке сай ұйымдастырылады.