Мектеп педагог-психологтарының жас мамандармен жүргізген "Біз біргеміз" атты тренингі » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп педагог-психологтарының жас мамандармен жүргізген "Біз біргеміз" атты тренингі
07
октябрь
2021

Мектеп педагог-психологтарының жас мамандармен жүргізген "Біз біргеміз" атты тренингі

Хаттама №1

Тақырыбы: «Біз біргеміз»

Мақсаты: Ұжымның көңіл-күйлерін жақсарту, қарым-қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу, ұжым ауызбіршілігін қалыптастыру. 

Уақыты: 07.10.2021 ж

Қатысқандар: Мектеп психологтары, ДОІЖО Султанкулова Т.О, жас мамандар. 

Барлығы: 18

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар: 4

Құрал-жабдықтар: әр жас маманға жауап бланкісі, қалам, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш.

Зерттеу барысы: «Комплимент» жаттығуында ұстаздар бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау үшін, бір-бірінің жақсы қырларын айту ұсынылды. Жас мамандарға 3 топқа бөліну ұсынылды. Постер таратылып, постерға «Жасырылған хат, ойлан тап!» атты жаттығуында берілген тапсырманы постерға сурет арқылы бейнелеулерін талап етілді. Сол салған суреттерін келесі топ мүшелері анықтады. «Білім ағашы» арқылы кері байланыс жасалып, ұстаздар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.  

 

Нәтиже: Жас ұстаздарға педагог-психолог Набиева Г.Т. алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілеп, жас мамандарға өз ақыл кеңесін берді.  

Кері байланыс: Жас мамандар алған әсерлерімен бөлісті. «Білім ағашына» стикерлар жабыстырып, алған әсерлерін жазып, алғыстарын айтты.   



Мектеп педагог-психологтары: Талғат М.Д.

Набиева Г.Т.