Мектеп педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылында «Олардың өмірі – үлгі, мен ұқсағым келетін адамдар» тақырыбында әңгімелесу
№ 42 жалпы білім беретін орта мектебінің
педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылында
«Олардың өмірі – үлгі, мен ұқсағым келетін адамдар» тақырыбында жүргізілген іс-шара бойынша
Анықтама
«Олардың өмірі - үлгі, мен ұқсағым келетін адамдар» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізілді. Оқушылардан олардың кімге ұқсағысы келетіні және олардың үлгі тұтарлық адамдары бар ма деген сұрақтарға оқушылардың арасында бірі анасына ұқсағысы келсе, бірі әкесіне ұқсағысы келетінін айтты. Ал кейбір балалар аталарына ұқсағысы келетіндерін айтты. Кейбір оқушылар әншілерге ұқсағысы келсе, кейбір оқушылар атақты блоггерлерге (Жанабылов Ерболат, Ахон) деген жігіттерге ұқсағысы келетіндерін айтты. Ата – анасына ұқсағысы келетіндер олар ата – аналары қаншалықты еңбек етіп, олардың жағдайларын жасап беріп отырғандарына қызығып отырса, кейбір оқушылар ата – анасының даналықтарына таңғалып сондай дана болсам дейді. Ата – аналарын үлгі ретінде көретіндерін айтты. Кейбір оқушылар әншілерге ұқсағысы келетіндері олардың инстаграмм желісіндегі өмірлеріне қызығатындықтарын және отбасындағы татулықтарына қызығатындықтарын айтып сол әншілерді үлгі ретінде көретіндерін айтты. Ал кейбір оқушылар қазіргі таңдағы атақты блоггерлерге ұқсағысы келетінін айтты. Себебі олар аяқтарынан өздері тұрғандықтарын айтып, қызығады. Олар да қарапайым болғандықтарын және ақшалары жоқ болғандығы, кредиттері болғандығын айтып қазіргі уақытта барлық жағдайларын өз қолдарымен жасағандықтарын айтып қызығатындықтарын жеткізді. Оқушылар сол вайнерлер мен блоггерлер секілді өздерінің жағдайларын өздері жасап, өздері аяқтарынан тік тұрғылары келетіндіктерін айтты.
Мектеп педагог-психологтары: Набиева Г.Т.
Талғат М.Д.