Мектеп педагог-психологтарының «Дос болайық бәріміз» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып 5 -сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізгендігі туралы » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп педагог-психологтарының «Дос болайық бәріміз» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып 5 -сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізгендігі туралы
27
октябрь
2021

Мектеп педагог-психологтарының «Дос болайық бәріміз» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып 5 -сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізгендігі туралы

«№ 42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық

 мекемесі 2021-2022 оқу жылының қазан айының 10 күні  мектеп

педагог-психологтары «Дос болайық бәріміз» тақырыбында

 іс-шара ұйымдастыра отырып 5 -сынып оқушыларымен

 тренинг-сабақ өткізгені туралы 

Анықтама.


Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Мектеп психологтары оқушыларға,көңіл-күйді көтеру мақсатында танысу жаттығуын ұйымдастырды.

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Дос болайық бәріміз» Тренингімізді бастамас бұрын танысып алайық. Ең бірінші есіміміздің бірінші әрпінен басталатын сөз айтып, мысалы Мейірімді Майра т.б. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын. Оқушыларды 3 топқа бөліну үшін партада 3 сурет бар. Гүл күн кітап 3 топқа оқушыларды бөлемін. бөлемін. «Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)

Әңгімелесу кезеңінде 3 топқа бөлініп (гүл,күн,кітап) оқушылар өз ойларын түсіндірді.

1. Гүл тобына: Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достық – ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2. Күн тобына: Нағыз дос – Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық дейді. Адал дос дегеніміз – адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышында да сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

3. Кітап тобына: Жалған достық – ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түзеп отырады.

Қатысушылар өз ойларын айта отырып тренингтен алған әсерлерін бөлісті.

Қорытынды кезеңінде топтар бір-біріне жылы тілектерін айтты.

Күн тобына – күндей жайнап жүріңдер.

Гүл тобына – гүлдей құлпырып жайнап жүрулеріңе тілектеспіз.

Кітап тобына – кітап білім бұлағы білімді , ақылды болыңдар!

Оқушылыр шеңбер болып тұрып, бір қолдың жұдырығын жауып, бас бармақты жоғарыға қаратып, «Достық ағашы»бейнесін жасады.

Жалпы жаттығулар оқушылар арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтып,достыққы ,бірлікке және ұйымшылдыққа баулыды.

Нәтижесінде, мектеп оқушылары өздеріне қажетті ақпараттарды ала отырып, өзара алған білімдерімен пікір алмасты.


                                                                                          Мектеп педагог-психологтары: Набиева Г.Т.
                                                                                                                                      Талғат М.Д.