Педаго-психологтарының ата - аналармен тренинг сабақ: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері» » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педаго-психологтарының ата - аналармен тренинг сабақ: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
05
ноябрь
2021

Педаго-психологтарының ата - аналармен тренинг сабақ: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»


Хаттама №1



Күні: 05.11.2021 жыл

Тақырыбы: Ата - аналармен тренинг сабақ: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

Мақсаты: «Адамның бақыты – балада» деген екен, бала адам өміріндегі ұрпағының жалғасы екенін түсіндіру.

Қатысқандар: Мектеп директоры, мектеп психологтары, сынып жетекшісі, ата – аналар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жаттығулар, сауалнама.

Нәтижесі: Мектеп директоры Айсара Кабдулдаевна сөз алып: ата – аналарға балалары олардың болашақтары, болашақ бақыты, болашақтағы қарттық шағы екендігін айтты. Соған байланысты сынып жетекшілермен және мектеп психологтарымен тығыз байланыста болып, баланың әрбір қадамы туралы айтуларын сұрады. Балаларды сыйластыққа бағыттап, еңбекқорлыққа бағыттауларын атап өтті.


 


Мектеп педагог  психологы Гульзат Турсынбаевна сөз алып: балаларға ата – аналары үлгі екендігін, олардың алдында ұрыс – керіс пен жанжалды болдырмау керектігін айтты. «Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер» - деп бекер айтылмаса керектігін айтты. Шын мәнінде оқушылар тәрбиені тек қана мктептен алмайтынын, баланың өмірінде үйдегі тәрбиенің аса маңызды рөл атқаратындығын айтып өтті.



Кері байланыс: Ата-аналар тарапынан сонда біз балаларымызды барлық заттан шектетуіміз керек пе? Ол әлі бала ғой, қателіктер болады ғой, соған ұрса берсек ол жалығып кетпейді ме?  міндетті түрде сурет салу керек пе? – деген сұрақтар қойылды.



Педагог-психологтар:                  Набиева Г.Т.

Талғат М.Д.