мектеп педагог-психологтары «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып, 5 - сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектеп педагог-психологтары «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып, 5 - сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді.
11
сентябрь
2021

мектеп педагог-психологтары «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?» тақырыбында іс-шара ұйымдастыра отырып, 5 - сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді.

«№ 42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айының 11 күні мектеп

педагог-психологтары «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?»

тақырыбында  іс-шара ұйымдастыра отырып,

5 - сынып оқушыларымен тренинг  жүргізді.


Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Мектеп психологтары оқушыларға эмоциялық қысымды түсіру,көңіл-күйді көтеру мақсатында рөлдік гимнастика ойынын ұйымдастырды.

• Күн сияқты күлімсіреу

• Шегіртке,ешкі,кенгуру тәрізді секіру

• Күзгі бұлт тәрізді,ашуланған ана,ашулы арыстан тәрізіді қабағымызды түю

• Кішкентай сәбидің жүған атаның жүрісін салу. Оқушылар бұдан кейін  «Мен қайдамын?»жаттығуын орындады.

Нұсқау: Бұл жаттығуда жетекші жүргізуші – детектив болады.Ал қалған оқушылар арасынан біреуі дыбыстауы тиіс.Детектив жабулы көзбен дыбыстың қай жерден шығып тұрғанын табуы керек. Жалпы  жаттығулар оқушылар арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтып,татулыққа және бірлікке ,ұйымшылдыққа баулыды. 

   Сонымен қатар «Тыңдау мен есту» түсініктерін талқылаймыз салыстырамыз»,«Мені түсін» жаттығуылары жүргізілді.

 Кері байланыс ретінде оқушылар сұрақтарға жауап берді.

 -Өздеріңізді бағалау қиынға түсті ме?

 -Өзіңіз туралы не білдіңіз?    

Нәтижесінде, мектеп оқушылары өздеріне қажетті ақпараттарды ала отырып, өзара алған білімдерімен пікір алмасты. 



                                                                   Педагог-психолог         Набиева Г.Т

                                                                                                  Талғат М.Д