мектеп педагог-психологтары «Менің мықты жақтарым» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді. » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектеп педагог-психологтары «Менің мықты жақтарым» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді.
29
октябрь
2021

мектеп педагог-психологтары «Менің мықты жақтарым» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді.

«№ 42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі


2021-2022 оқу жылының  қазан айында мектеп педагог-психологтары 

«Менің мықты жақтарым» тақырыбында  іс-шара ұйымдастыра отырып, 3-4 сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді.


Мақсаты: 

Өзінің мықты жақтарын анықтай отырып, өзіне жағымды қатынас қалыптастыру. Ішкі тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті арттыру.

Оқушылар  өздерінің мықты жақтарын айтады,сол жақсы жағы қай кезде көмектеседі, не үшін сол қасиетті мықты қасиеттер қатарына жатқызып отырғанын айтты. Тек оны сенімді етіп айту керек, мынадай сөздер қоспау сұралады: «бірақ...», «егер...», «мүмкін...».

Ойлануға 3 минут уақыт берілді.

Сонымен қатар «Танысу» жаттығуы жүргізілді

Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.

Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Бинұрмын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Бинұрды сіздерге таныстырамын, мен – зейінді Заңғармын». Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады. Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында … қатысып отыр» деп қатысып отырғандардың барлығын атап шықты.артынан талдау жүргізіліп,есімге ылайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекше болды?

Қорытындылау кезеңінде  сұрақ жауап арқылы оқушылардың пікірі тыңдалды. Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Өз ойыңды бірден айтып салуда саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?

«Жымию» жаттығуы

Әр қатысушы бір уақытта бір-біріне өздерінің жымиюларын сыйлайды.

Оқушылар бүгінгі тренингте жағымды көңіл күйде жақсы әсер алды деуге болады. 


                                                          Педагог-психолог:         Набиева Г.Т

                                                                                           Талғат М.Д