Психологтардың «Балалардың компьютерді,гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтілгені туралы » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологтардың «Балалардың компьютерді,гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтілгені туралы
04
декабрь
2021

Психологтардың «Балалардың компьютерді,гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтілгені туралы

«№ 42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

«Балалардың компьютерді,гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтілгені туралы

 анықтама

2021-2022 оқу жылының желтоқсан айында мектеп педагог-психологтары Г.Т.Набиева мен Т.М.Досанқызының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушыларының арасында «Балалардың компьютерді,гаджеттерді бақылаусыз қолдануының зияны» тақырыбында ой бөлісу өтілді. Аталған іс-шараға ДОІЖОРыскулова Э.У, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акеша А,ЖарылқасынА және информатика пәнінің мұғалімдері мен 1-4 сынып жетекшілері қатысты. Ой бөлісу барысында ұялы телефонның жағымды және жағымсыз жақтары,әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны және адам денсаулығына тигізер әсері туралы пікірталасып, ой қозғалды. Оқушылар пікірталас барысында екі топқа жіктелді. Бір топ өздерінің күнделікті тіршілігінде, сабақ барысында ұялы телефон мен әлеуметтік желіні жиі пайдаланатыны жайлы айтып, ғаламтордың өздері үшін берері көп екенін дәлелдегісі келді. Ал, екінші топ ғаламтор мен әлеуметтік желілер ең алдымен адам денсаулығына көптеген кері әсері болып жатқанын, адамдар арасында коммуникативті байланыстың күн санап жоғалып бара жатқаны, кішкентай баладан бастап үлкейген қарттарға дейін әлеуметтік желіні пайдалану барысында өз денсаулықтарының жоғалуына өздері жол беріп отырғанын тілге тиек етіп, қоғамдағы өзекті болып жүрген бірталай мәселелерді қозғап өз ойларын жеткізді. Пікірталас барысында оқушылар өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеп мысал келтіріп, қоғамдағы болып жатқан әртүрлі оқиғаларды өз сөздерімен байланыстырып ой пікірлерін ашық, анық, еркін түрде жеткізіп отырды. Пікрталас соңында оқушылар әрқайсысының пікірін силап интернеттің пайдасыда зияны да бар болатынына, егер белгілі бір шектеумен пайдаланы ережеге бағынса ешкімге зиян болмайтынына келісті. Пікірталас соңында сөз алған Рыскулова Э.У оқушылар арасында өтілген пікірталасқа өз бағасын бере отырып, ешқандай басқа дүниелер адамдар арасындағы адами қарым-қатынастарды алмастырмау керек екендігін айта келіп өсіп келе жатқан жас қырандарға білім әлемінің аспанында шарықтап, өз құндылықтарын бағалауға шақырып тілек білдірді. Пікірталас арқылы ой бөлісу оқушылар көңілінен шығып өз деңгейінде өтті.

Мектеп педагог психологі: Набиева Г.Т

Талғат М.Д