Психологтардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда 7-11сынып оқушылары арасында «Мен үшін өмір қымбат»тақырыбында жазылған эссе қорытындысы » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологтардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда 7-11сынып оқушылары арасында «Мен үшін өмір қымбат»тақырыбында жазылған эссе қорытындысы
17
сентябрь
2021

Психологтардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда 7-11сынып оқушылары арасында «Мен үшін өмір қымбат»тақырыбында жазылған эссе қорытындысы

« №42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында  «Мен үшін  өмір қымбат» тақырыбында жазылған эссе  қорытындысы туралы анықтама.


        Мектеп психологының ең бір маңызды жұмысының бірі оқушының өмірге деген құштарлығын арттыру, өмірдегі құндылықтарды бағалай білуге, тұлғалық сенімділігін арттыруға кеңес беру.  Осы мақсатта 2021-2022 оқу жылының қыркүйек  айында 7 сынып оқушыларына «Мен үшін өмір қымбат» тақырыбында эссе жазғызылды. Эссе тақырыбының осылай жоспарлануы 7 сынып оқушыларының болашақ өмірлерін жоспарлауы, өмірлік мақсаттары мен құндылықтары,   қызығушылығын нақтылау мақсатында ой толғау жазғызу. Әр оқушы өз жазбасында өмірдің мағынасы бұл санамен қабылданған құндылықтар екеніне, оған адам баласы өз өмірін бағынырып, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, соны жүзеге асыру керектігіне тоқталған. Бітіруші түлектер өмір сүріп, адам болып қалыптасып, ата-ана үмітін ақтап, жақсы оқу орнынан түсіп, жақсы маман иесі боып қалыптасуы ең маңызды мақсаттары екенін өз шығармаларына арқау етіп, түпкі мақсаттары мектепті ойдағыдай аяқтап, болашақ алар белестері мен асуларының әлі алда екенін атап өтті.  Барлық оқушының жазған эсселері өте керемет жазылған, оқушылар барлық ой пікірлерін қағазға түсіре білді. Өз оқушыларымыздың алдыларына нақты мақсат қойып, сол мақсаттарына жетуге деген талпынысы көңілге жылылық ұялатады. Шәкірттердің қағаз бетіне түсірген арман мақсаттары орындалып, тек биіктерден көрінсін деп сәттілік тілейміз!



Педагог-психолог:             Набиева Г.Т

                                                               Талғат М.Д