Педагог-психологтары "Өз балаңа үлгі бол!" тренингін жүргізді » №42 орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№42 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774)4-19-41
Есепші бөлімі:
+7(72774)4-19-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-психологтары "Өз балаңа үлгі бол!" тренингін жүргізді
04
сентябрь
2021

Педагог-психологтары "Өз балаңа үлгі бол!" тренингін жүргізді

«Өз балаңа үлгі бол»


Ата- аналар конференциясы 2021-2022 ж.

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар,ұстаздар!

Тақырыбы: «Өз балаңа үлгі бол»

Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.

Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру.

Құрал жабдық: Компьютер,экран, проектор, презентация слаид, суреттер, жүрекшелер.

Күтілетін нәтиже:

1. Ата- ана осы мәселе бойынша ақпараттандырылады.

2. Шығармашылық жұмыс арқылы XXI –ғасыр ата- анасына сипаттама береді

Конференция барысы:

I. Ұйымдастыру кезең

Конференцияның мақсаты және міндетімен таныстыру.

II. Кездесуімізді аңыздан бастайын.. Аңыз «Мәңгілік серік»

Өмірден әбден шатасып,шатасып әбден шаршаған адамдар өмірдің шыңырауына жақындайды ,амалдары қалмай не істерлерін білмей,бізді кім қорғап қандай ақыл жол тауып берер екен,- деп абыржып, бір парасатты данышпан адамнан ақыл сұрап барады.

Ол оларға , таңның ең алғаш шыққан жұдызымен сіздерге мәңгілік серік алдарыңыздан шығады, сол сіздерді қорғап қалады,- дейді.

Мәңгілік серікті күтіп алу үшін адамдар түні бойы жолдың үстінде тұрып таңның алғашқы жұлдызының шыққанын күтеді. Таңның атысымен алыстан келе жатқан көлеңкелерді көріп әне келеді, міне келеді деп, бірінің үстінде ақ шапаны жоқ, бірінде таяғы,бірінде ақ сақалы жоқ, ол да емес, дейді. Сөйтіп тұрғанда алғашқы жұлдыз да шықты. Бір жерде тырналар өлендетті,бір жерде баланың жылаған дауысы естілді.Таңғы жұдыз жарқырай түсті. Ол кім? Қашан келеді өзі, -деп күбірлесіп тұра берді. Кенет тағы да алыстан шулаған қаздың дауысы, құлындардың шыңғырған дауысы, жылаған баланың дауысы естілді. Бірақ еш нәрсеге мән бермей адамдар екі көздерін жолдан алмай мәңгілік серікті күтумен

болды. Ақыры шыдамдары тауысылып әлгі данышпанға келіп өздерінің реніштерін білдірді.

— Сенің айтқан мәңгілік серігің қайда,ешкім де келмеді,-дейді.

— Сіздер баланың жылаған дауысын естідіңіздер ме?,- деді данышпан.

— Иә, бірақ ол сәбидің дауысы ғой?,- дейді.

— Сол сәби сіздердің мәңгілік серіктеріңіз! Сол сіздердің қорғаныштарыңыз,-деп жауап береді. Слайд:

Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз. А.С.Макаренко

Құрметті ата – аналар бала біздің болашағымыз. Тек бала адамзаттың тұқым жалғастырушысы,тірегі,сенімі.

Баланыздың бойында қандай қасиеттер көргініз келеді?

-Қандай мінез құлық көргіңіз келеді?

— Қандай адами қасиеттерді дарытқыңыз келеді?

-Өзіңізден қандай қасиеттерді алғанын қалайсыз?

Әр қайсыңыздың алдыңызда жүрекшелер жатыр, соған балаңызда қандай қасиеттер болса дейсіз, өздеріңіздің ойларыңызды жазыдар. Ата ананың ең бастапқы жіберетін қателігі – ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде. Л.Н.Толстой

Ендеше құрметті ата аналар бүгіннен бастап жаңаша тәрбиелеуді бастамай бұрын, ең алдымен өзіміздің бойымыздағы жаман деген бір қасиетті, не қатемізді қағазға жазып жыртып жіберейік. Өте жақсы.

 «Қызықты сұрақтар» ойыны.

1.Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?

2.Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз?

3.Баланы мадақтау керек пе?

Келесі сіздерге психологиялық кеңесті ұсынбақпын.

1.Балаңызды әрдайым тыңдауға және түсінуге тырысыңыз, балаға қатысты қандай мәселе болса да назар аударыңыз.

2.Баланың көзқарасымен әрдайым келіспегеніңізбен, ата-аналық борышыңызды адал атқару арқылы баланың жан дүниесіне адамгершілік қасиеттерді ендіруге болады;

3.Шешімді балаңызбен келісе отырып бірге қабылдаңыз, әрі оған өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.Себебі, бала өзі ұнатқан ережелермен өмір сүргенді жақсы көреді.Әрине, соңғы сөзді ата-ана айтуы мүмкін, бірақ кей шешімдердің орындалуын балаңыздың таңдауына қалдырған да орынды.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанын да жүрген достарына дейін мән беру,табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ананың басты парызы.Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.Бала әр жанұяның бақыты.Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік.

Барлық өнеге жанұядан тарайды.Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.Оны «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру-балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелден көруіңізге болады. 1 сынып оқушыларының ата-аналарға психологиялық кеңестер тақрыбында жасалған қазақша слайд.

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Енді міне қараңыз, бала жанының қандай әсем әдемі болып жанданғанын көрдіңіз бе? Ал енді осындай жан дүниесі жарқын әдемі сұлу,баланың қасында жүрген үлкендеріміз қандай болуы қажет?Назар қойып тыңдағандарызға рахмет! Үлгілі отбасы болуларыңызға тілектеспіз.


Хаттама №2


Тақырыбы: Өз  балаңа үлгі бол!

Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.


Қатысқандар: Мектеп педагог – психологтары,  сынып жетекшілер,                       ата –аналар.

Құрал-жабдықтар: Компьютер,экран, проектор, презентация слаид, суреттер, жүрекшелер.


Нәтижесі: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру.


Кері – байланыс: Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ата – аналарға кеңес берілді. 



                                                                                             

Педагог-психологтар:                  Набиева Г.Т.

Талғат М.Д.